Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Қостанай облысы аумағында бірқатар іс-шаралар өткізілді

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Қостанай облысы аумағында бірқатар іс-шаралар өткізілді

Қазақстан Руспубликасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 1-5 шілде күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Қостанай облысына іс-сапар жасады. 

Аталған іс-сапардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда теріс діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. 

Аталған бағытта жалпы саны 21 іс-шара ұйымдастырылып, 450-ге жуық адам қамтылды. 


Аталған іс-шараға: Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы – Қостанай қ. ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Академияның экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимыл ҚАЖ мамандарын даярлау жөніндегі оқу орталығының басшысы, Нұрахметұлы Арман – Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС қызметкері, Нұғыманов Асет Бауыржанұлы – Қостанай облысы, «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ бөлім басшысы, Өмірханов Мақсат Ерланұлы – Абай облысы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты. 

Түсіндіру тобының мүшелері Қостанай, Рудный қалалары мен Сарыкөл және Ұзынкөл аудандарын аралап, халық арасында «Қазақстан – зайырлы мемлекет», «Теріс діни ағымдардың құрбаны болмау жолдары», «Дін мен дәстүр», ««Жастарды жат ағымдардан қорғаудың жолдары»», «Зайырлылық – дінсіздік емес» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.  

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, жұмыссыз жастар мен өзін-өзі қамтушылар және т.б. тұрғындар қамтылды.