Домбырам, асыл мұрам

Домбырам, асыл мұрам

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне орай, «Домбырам, асыл мұрам» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты: Халқымыздың аса қасиетті дүниесі домбыра туралы түсінік беру, атақты күйшілер туралы мағлұмат беру, өз ұлтының музыка өнерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Көрмеде: домбыраның тарихы, ҚР Президентінің 2018 ж 12 маусымда шілденің бірінші жексенбісін домбыра күні деп белгілегені туралы Жарлығы, домбыраның түрлері, О.Малқаровтың сүйектелген домбырасы, Қ.Жандарбековтің домбырасы және шертер домбыра, музей қорынан алынған домбыраның 15-ке жуық түрлері, Д.Нүрпейсованың, Төлеген Момбековтің, Сүгір Әліұлының, Бөрі Исаевтың, Шыңғыс Исаевтың, Марат Анашовтың фотосуреттері, құжаттары т.б. жәдігерлер ұсынылды.