ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Сарыағаш аудандық мәдениет үйінде Ұлттық домбыра күніне орай «Күй құдіреті» фестиваль концерті өтті. Шараны Сарыағаш аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әбіләзім Жаншуақов ашып беріп, өнерпаздарға сәттілік тіледі.

Мерекелік шарада өңірімізде домбыраны жанына серік еткен топтар мен жеке орындаушы жас өрендер өнер көрсетті. Сонымен қатар қырыққа жуық өнерпаз Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін бір мезетте орындап, фестиваль көркін кіргізді. 

Фестиваль соңында барлық қатысушыға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысының және Бала бойындағы өнерді дамытуға қосқан үлесі үшін, топ жетекшілеріне «Amanat» партиясы Сарыағаш аудандық филиалы төрағасының алғыс хаты табысталды. 

Айта кетейік, аталмыш фестиваль мақсаты – өскелең өрендердің домбыраға деген құрметін арттырып, күй құдіретін ұғындыру.