ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» САЯБАҒЫНДА ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» САЯБАҒЫНДА ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ

Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының «Оқырман іздейміз» жобасы аясында Жібек жолы саябағында «Нағыз қазақ – домбыра» атты мерекелік шарасы өтті. 

Іс-шара барысында «АКА» шығармашылық орталығының өнерлі оқушылары саябаққа келуші тұрғындарға, қала қонақтарына әсем ән мен күмбірлеген күйден шашу шашты. Сонымен қатар көрермендерге Ұлттық аспаптар туралы викториналық сұрақтар қойылып, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Мерекелік кеш соңында өнерлі балаларға кітапхана директорының атынан арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды.