ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 200 ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ОРЫНДАДЫ

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 200 ДОМБЫРАШЫ БІР МЕЗЕТТЕ КҮЙ ОРЫНДАДЫ

Домбыра – қазақ халқының киесі, қасиеті, қазынасы. «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» деп Қадір Мырза Әлі айтқандай, домбыра - ұлттың болмысы, тарихы. Ұлттық домбыра күні қарсаңында Қазығұрт ауданында 200 домбырашы бір мезетте Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындап, 150 биші өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараға жиналған қауым мерекелік көңіл сыйлаған өнерпаздарға алғыстарын жеткізді. 

Игі шара аудандық Мәдениет сарайында жалғасын тауып, «Домбыра – дастан» мерекелік ән кеші өтті. Атаулы рухани іс-шарада домбыраның құлағында ойнайтын күйшілер күй шертіп, ән шырқады.