ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ БАЙҚАУ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ҰЛТТЫҚ ДОМБЫРА КҮНІНЕ ОРАЙ БАЙҚАУ ӨТТІ

Бүгін облыс орталығында Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Тұран даласының күйлері» күйшілер байқауы өтті. Ұлттық домбыра күніне арналған шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев және Жарылқасын Әзіретбергенов бастаған Ұлжалғас Мұстафева, Сауранбек Елеуов, Несіпкүл Өтебаева, Рыс Ташиметова, Гүлжанат Дюсенбаева тағы да басқа зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Талантты жастар арқылы елдің рухын оятатын, жігерлендіретін, отаншылдықты насихаттайтын күйлерді ел арасына кеңінен насихаттайтын байқаудың қазылар алқасының құрамында Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің «Спорт және өнер» факультетінің кафедра меңгерушісі, ҚР Мәдениет қайраткері, композитор Әлімбай Ботақарев, Түркістан балалар саз мектебінің ұстазы, оқушылар оркестрінің дирижері, Түркістан қалалық Мәдениет үйінің жанынан құрылған «Яссы» этно-фольклорлық ансамблінің жетекшісі, қазылар алқасының мүшесі Ерлан Жақыпбеков, халықаралық, республикалық байқаулардың лауреаты, Райымбек Сейтметов атындағы театр актеры Қанат Садықбеков болды. 

Байқауға кіші топ бойынша (10-16 жас аралығындағы) үміткерлерден 22 адам қатысса, үлкен топ бойынша (17-24 жас аралығында) 7 үміткер өзара бақ сынады. Шертпе және төкпе күйлерді домбыра, жетіген, қобыз аспаптарының көмегімен байқау шартына сәйкес орындап шықты. 

Жыл сайын өтетін үрдіске айналған байқауда жүзден жүйрік таланттардың есімін қазылар алқасы сараптап, қорытындысын шығарды. Сонымен байқау қорытындысы бойынша Үлкен топ арасында Бас жүлдені Абылайхан Нұрқұл иеленді. Жүлделі І орынға Нұржауған Рысқұлбекова лайық деп танылса, үш бірдей ІІ орынға Сейдуллақызы Зарина, Азамат Кудайберген, Олжас Есемхан ие болды. Қос ІІІ орынды Арман Әкетай мен Дәурен Елубай иеленді. 

Ал кіші топ бойынша байқау жеңімпазы Дәурен Маханбет атанды. І орынға Жомарт Әбдірахман тұрақтаса, үш бірдей ІІ орынға Ұлбала Қуат, Мұхамедәлі Құрманғали, Балнұр Калыбай ие болды. Үш ІІІ орын Айнара Марат, Садир Сабиров, Алмаз Момиш бұйырды. 

Байқауда арнайы номинациялар да қарастырылған. Дина Нұрпейісова атындағы номинациямен Аружан Амангелді марапатталса, Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы номинация Дархан Жетібай ұсынылды. Құрманғазы Сағырбайұлы атындағы номинацияға Заңғар Мұхтар лайық деп танылса, Нұрғиса Тілендиев атындағы номинация Бақдәулет Егенберді бұйырды. Ал, Төлеген Момбеков атындағы номинациямен Айзере Байбосын марапатталды. Барлық жүлдегерлерге қаржылай сияпаттар мен дипломдар табысталды.

Айта кетейік, байқаудың мақсаты – дарынды жастарды насихаттау, музыкалық шеберлікті шыңдау, елдегі ұлттық мәдениеттің дамуына үлес қосу, төл өнерді насихаттау.