ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БЕСІГІН ТЕРБЕТКЕН АНАЛАР

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ БЕСІГІН ТЕРБЕТКЕН АНАЛАР

Бүгін «Ұлы дала елі» орталығында Тәуелсіздіктің бесігін тербеткен аналар атты тағлымды кеш өтті. 

Түркістан облысының 6 жылдығына орай және «АНАЛАР» республикалық қоғамдық журналының 6 жылдығы қарсаңында ұйымдастырылған кешке Түркістан облысы мәслихатының төрағасы Әбішов Нұралы Әлмаханұлы, облыс әкімінің орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы, Түркістан облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәуленқұлов Жеңісбек Патшаханұлы, облыстық мәслихат депутаттары И.Намазбаева, Қ. Жантөреева, Түркістан және Шымкент қалаларының құрметті азаматы Таңғатарова Сара Еркінбекқызы және «Аналар» республикалық қоғамдық журналының ақылдастар алқасының төрайымы Жұмалиева Меруерт Үсіпбайқызы мен ақ жаулықты аналар, БАҚ өкілдері қатысты. 

«АНАЛАР» республикалық-қоғамдық журналы 2018 жылдың 8 наурызында басылымдар бәйгесіне қосылды. Сол уақыттан бері Түркістан облысы бойынша 6000 нан аса абзал аналарды насихаттады. Олардың қатарында алтыннан алқа таққан батыр аналар мен Тәуелсіздік жылдарында елдің еңсесін көтеруге елеулі еңбек еткен аяулылар бар. Сонымен өатар, «АНАЛАР» республикалық қоғамдық журналының жарыққа шығудағы басты мақсаты - ерлігі ерен ел арасынан шыққан, бірақ есімдері танылмаған аналарды тарих бетінде қалдыру.

Тағылымды кеште облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әлмаханұлы құттықтау сөз сөйлеп, абыз аналарды арнайы марапаттап төсбелгі табыс етті. 

Айта кетейік, бұл күні әлемді әлдиімен тербеген аяулы аналар, «АНАЛАР» республикалық қоғамдық журналының тағайындаған «Домалақ ана», «Ұмай ана», «Қарашаш ана», «Қарқабат ана», «Гауһар ана» медалімен марапатталды.