Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысы аумағында іс-шаралар өткізілді

Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысы аумағында іс-шаралар өткізілді

Қазақстан Руспубликасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 24-28 маусым күндері Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен Солтүстік Қазақстан облысы аумағында бірқатар іс-шаралар өткізілді.

Аталған іс-шаралардың мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда деструктивті діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады. Осы бағытта жалпы саны 20-дан астам іс-шара ұйымдастырылып, 450-ден астам адам қамтылды. 


Аталған іс-шараға: Павлодар облысы «Конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы» ЖШС-нің директоры – Раздықова Гүлназ Мақсұтқызы, Қостанай қ. ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Академияның экстремизм идеологиясына қарсы іс-қимыл ҚАЖ мамандарын даярлау жөніндегі оқу орталығының басшысы – Тойғанов Мырзабек Сардарбекұлы, Астана қаласы, «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС қызметкері – Смағұлов Марат Аманжолұлы, Қостанай облысы бойынша «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту орталығы ҚҚ теолог маманы – Омаров Турган Гельманович секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты. 

Түсіндіру тобының мүшелері Петропавл қаласы, Қызылжар, М.Жұмабаев, Есіл, және Айыртау аудандарын аралап, халық арасында «Зайырлылық қағидаты – Қазақстан Республикасының болашағының кепілі», «Деструктивті діни ағымдардың құрбаны болмау жолдары», «Қазақстан Республикасындағы зайырлық қағидасының маңызы», «Діни және ұлттық бірегейлік», «Дін мен мемлекет қатынастары» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 

Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, студенттер, мемлекеттік қызметшілер, жұмыссыз жастар мен өзін-өзі қамтушылар және т.б. тұрғындар қамтылды. 

Дайындаған – Ақжан Ғұмар