«Аңсаған сәби» қатты қуантты

«Аңсаған сәби» қатты қуантты

 Солтүстік Қазақстан облысында биыл 1,5 мыңнан астам нәресте дүние есігін ашса, 22 бала – «Аңсаған сәби» бағдарламасының қолдауымен өмірге келді.

Облыстағы перинаталдық орталық мамандарының мәліметінше, аймақта «Аңсаған сәби» бағдарламасы іске қосылғалы 608 квота бөлінген. Экстракорпоральды ұрықтандыру 194 жағдайда сәтті аяқталып, ерлі-зайыптылар көптен күткен сәбилерін бауырына басты. Осы жылдар ішінде ЭКО арқылы туған нәрестелердің 25-і – егіз, олардың біреуі биыл дүниеге келді.

Жалпы Солтүстік Қазақстан облысына ағдарлама бойынша 2022 жылы 201 квота бөлініп, 70 әйел сәбилі болды. Оның 8-інде егіздер дүниеге келіп, отбасына екі есе қуаныш сыйлады.

Ал былтырғы жылы 190 квота беріліп, 75 әйел жемісін көрді. Бүгінде жүкті әйелдердің 21-і 22 нәрестені өмірге әкелді. Дегенмен, биыл туған балалардың саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда аз. Мәселен 2023 жылы қаңтар-мамыр аралығында 1 808 бала – 847 қыз, 961 ұл және 27 егіз дүниеге келген. 

Биыл жыл басынан бері 1 586 нәресте туды. Оның 780-і – қыз, 806 – ұл бала. 19 егіз жарық дүние есігін ашқан. Осылайша республика бойынша қарқынды жұмыс жүргізіп келе жатқан «Аңсаған сәби» бағдарламасы қаншама шаңырақты шаттыққа бөлеуде. 

qazaquni.kz