АҚЫНМЕН ЕРЕКШЕ ФОРМАТТА СЫРЛАСУ КЕШІ ӨТТІ
2024 ж. 29 маусым
478
0
28 маусым күні Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі «Барыс» және «Парасат» ордендерінің, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ақын, жазушы Ханбибі Есенқарақызың 75 жасқа толуына орай «Мен – ақынмын, әйелмін, әлемді ойлар» атты іс-шара ұйымдастырды.
Іс-шараға ҚР мәдениет қайраткері, режиссер Құлданов Әскер Төребайұлы, ҚР мәдениет қайраткері Рыскүл Іскендірқызы, ҚР композиторлар одағының мүшесі, әнші-композитор Құралай Сәтмұхамбетова, Оңтүстік Қазақстан газетінің бас редакторы Бақтияр Тайжанұлы және де «Салт- дәстүр және әдеп ғұрып орталығының қызметкерлері мен «Түркістан облыстық Ыбырай Алтынсарин атындағы кітапхана» қызметкерлері, Бейнелеу өнері, М.Әуезов атындағы ОҚУ қызметкерлері, Әл-Фараби кітапханасының және БАҚ өкілдері қатысты.
Сондай-ақ, іс-шарада Ш. Қалдаяқов атындағы Облыстық филаромния әншілері және де, әнші, композитор Құралай Сәтмұхамбетова Ханбибі ақынның сөзіне жазылған әндерді орындады.
Отанға, ана тіліне деген сүйіспеншілігін өлеңдерімен көрсете білген көрнекті ақынмен сырласу кеші ерекше форматта өтті.