"Кублей" үшін ашық әрі аяусыз соғысқан екі-ақ азаматты білемін - Михаил Козачков

"Кублей" үшін ашық әрі аяусыз соғысқан екі-ақ азаматты білемін - Михаил Козачков

Бүгін парламент демалысқа тарады. Демалыс болғанда - біреу жұмыс істейді, біреу елге ертегісін айтады. Осы орайда, Оралдағы "Кублей" зауытына қатысты жағдайды айналып өте алмаймын. Бірнеше жыл бұрын ірі консерві өндірушіміз шенеуніктердің кесірінен күйреудің аз-ақ алдында тұрған еді. Олар заңға қайшы болса да, кәсіпорынның санитарлық аймағында құрылыс жүргізуге рұқсат берген. Яғни, тұрғындар зауыттың жабылуын талап ете алар еді.

Мұндай құрылысқа жол бермеу үшін компания сотқа жүгінуге мәжбүр болды. 

Алдымен "Кублей" соттарды жеңсе, артынша, Жоғарғы соттың бұрынғы төрағасы Жақсып Асановтың тікелей араласуынан кейін, жағдай өзгеріп шыға келді. Зауыт жабылуы керек болатын.

Алайда, нәтижесінде ымыраға келу мүмкіндігі туындап - Денсаулық сақтау министрлігі санитарлық аймақтар бойынша талаптарды өзгертті, енді бұқтырылған ет өндірушісі көршілері хақында қам жемесе болады. 

Мұндағы ең күлкілісі, бұған дейін жұмған ауыздарын ашпаған бірқатар депутаттар мен партиялар айдан түскендей аяқ астынан "Кублей құтқарушысы" атана қалды. Компания тағдыры үшін өздерінің қандай жанкештілікпен күрескендері туралы әсірелеп релиздер таратып әуре сарсаң болуда. Ең қызығы, ол күрестері туралы өздерінен басқа ешкім білмейді.

Бұл процеске былтыр күзде ғана қосылдық дегендері шын дегеннің өзінде, көп алдындағы мәдімдемелерінен ол да байқалмайды.

Өз басым "Кублей" үшін ашық әрі аяусыз соғысқан екі-ақ нақты азаматты білемін жәні оларға ешбір "жасырын келіссөздер" де қажет емес-тін.

Біріншісі - заңгер Бақытжан Базарбек. Ол көптеген соттарда зауыт мүддесін қорғады, процестерді жеңіп, Жоғарғы сотта қызыл кеңірдек болды, сол үшін де оны қорқытып, артынан шам алып түсіп, әлеуметтік желіде қаралуға тырысты. Себебі, оның кәсіпорын маңында құрылыс салуға рұқсат беру барып тұрған жемқорлық деген сөзі біреулерге қатты ұнамады. Базарбек депутат болғанынша өз қызметін фейсбук парақшасында насихаттайтын.

Екіншісі - "Ақ жол" лидері Азат Перуашев. 2023 жылдың маусымында ол әкімдіктерді кәсіпорынға зиян тигізді деп айыптап, Премьер мен Бас прокурорға сауал жолдады. Артынша бір жыл бойы парламент мінберінен мәселенің оң шешілуін табанды түрде талап етті (тамызда, қыркүйекте, қазанда, желтоқсанда, қаңтарда, сәуірде, мамырда).

Перуашев телеграм каналын жүргізеді, оның сауалдары партия сайтында жарияланған, даталар бойынша оңай тауып алуға болады.

Бір ерекшелігі, "Ақ жол" фракциясы тек "Кублей" зауытын ғана емес, сонымен қатар, осындай жағдайға тап болған еліміздің түрлі өңірлеріндегі «СтройТех» ЖШС, «Алтын Алма» ЖШС, «Солнечный» сүт зауыты, «Дольче-Фарм» фабрикасы, «Нуртау-Темир» ЖШС, «Асфальтобетон-1» ЖШС, KZ-Recycling зауыттары секілді кәсіпорындарды да қорғап келді. 

Депутаттар нақты бизнесті жайына қалдырып ғана қоймай, құрылыс жүргізуге рұқсатты оңды-солды бере беретін шенеуніктерді жауапкершілікке тартуды да талап етті. 

Осы істердің арғы жағында қарапайым жемқорлық жатқаны ешкімге құпия емес.

Сондықтан, "Ақ жол" бұл бассыздықпен жүйелі түрде күресіп келеді. Ал, бұл күрестегі жеңіс тек "Кублей" зауытын ғана емес, осындай жағдайға душар болған барлық кәсіпорындарды қыл үстіндегі тағдырларын құтқарып қалды. 

"Кублейді" құтқарып қалғандай сөйлеп жүрген "қаһармандар" бұл туралы білмей, тек осы зауыттың алғысын алуға асығып отырған сияқты. Мәселенің барлығына бірдей қатысты екендігін қаперлеріне де алмайды. Әрине, мұндай қылыққа миықтан күліп ғана қоямыз. 

Осы орайда, Перуашев (бір ай бұрын жаһаннамға жар салмай-ақ Денсаулық сақтау министрлігініі шешімі туралы хабарлаған) өзінің телеграм арнасында көрпені өзіне ғана тартпай, өзімен бірге өршелене күрескен Бақытжан Базарбек, Мұрат Әбенов және т.б. аттарын атап өтті. Тағы басқалары деп бүгінде "айдаһардың басын алған мен ғанамын" деп атойлап жүргендерді атаса керек. Жеңісті иемденгісі келетіндердің көп болатыны белгілі, алайда, іскерлік мәдениетінен сабақ алуға болатын саясаткерлердің болғаны қандай жақсы.

P.S. Айтпақшы, өткен сәрсенбіде Парламент отырысы аясында осы мәселеге қайта оралған "Ақ жол" басшысы Денсаулық сақтау министрлігіне алғыс айтып ғана қоймай, осы кәсіпорындардың өндірістік аймақтарында құрылыс жүргізуге рұқсат берген әкімдерді жауапкершілікке тартуды талап етті. Бұл істі соңына дейін жеткізудің қаншалықты маңызды екендігін көрсетіп, Мюнхгаузен стиліндегі ертегілермен еш үйлеспейді.

Михаил Козачков,

Телеграм арнасыннан алынды