Тарихи тұлға – Тұрар Рысқұлов

Тарихи тұлға – Тұрар Рысқұлов

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде мемлекет және қоғам қайраткері, ұлт жанашыры Т. Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай «Тарихи тұлға – Тұрар Рысқұлов» атты көрме ұйымдастырылды. 

Мақсаты – қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған Т. Рысқұлов туралы мағлұмат беру, есімін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу,сондай ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру. 

Тұрар Рысқұлов 1894 жылы 26 желтоқсанда туылып, 1938 жылы 10 ақпанда айтыс болған. 

Оның әкесі Рысқұл Жылқайдарұлы 19 ғасырдың 80-жылдары патша әкімшілігінің озбыолығына шыдамай Сырдария облысының Черняев уезінен \қазіргі Түркістан облысы, Түлкібас ауданы\ сол кездегі Верный уезіне қоныс аударады. Жаңа қоысында да әділетсіздік көрген Рысқұл 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді. Түрмеде жатып өш алушылардың зияны тиер деп қауіптенген ол ұлын өзінің қасына алдыртады. «Түрме баласы» атанған Рысқұлов түрме үйлерін сыпырып, бастықтың атын айдап жүріп орыс тілін үйренеді. Әкесі он жылға сотталып Сахалинге жер аударылған соң Рысқұлов - «Қырғызбаев» деген жалған фамилиямен нағашыларының қолына келіп, Меркідгеі орыс түземдік бастауыш мектепте оқиды. Мұндай аралас мектептер белсенді миссионерлік мақсат ұстанған болатын. Верный қаласының түрме бастығы Приходько жас Рысқұловты шоқындыруға әрекеттенсе, Меркідегі шәкірт кезінде де осындай әрекет оның алдынан шығады. 1910 жылы Рысқұлов Пішпектегі 1- дәрежелі ауыл шаруашылығы мектебіне қабылданып, оны 1914 жылы бітіріп шығады. Үздік бітірген оны Самара қаласындағы орта дәрежелі Ауыл шаруашылығы училищесіне түсу үшін арнайы жолдама беріледі. Бірақ, училище директоры әділетсіздік танытып, ұлтқа деген өшпенділікпен Тұрарды оқуға қабылдамай қояды. 1915 жылы Ташкенттегі мұғалімдер семинариясына түсуге тырысады, бірақ мұнда да қабылдмайды. Ақыры ол оқу министріне арызданып жүріп, арнайы рұқсатпен емтихан тапсырып оқуға қабылданады. 1916 жылы ол оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына келеді. Ол уақытта халық ашық бас көтерулерге шығып жер жерже қарулы қақтығыстар орши бастаған болатын. Ол Ақкөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтеді. Осы кезде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Т. Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданады.   

Сондай ақ, көрмеде Т. Рысқұловтың өмір мен қызметі, отбасының фотосуреттері әкесінің, жұбайының, қыздары мен немерелерінің естеліктері қойылды.