АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ

АСЫҚ ОЙНАҒАН АЗБАЙДЫ

Алматы қаласының Түрксіб ауданына қарасты 187-ші балабақшада «Аsyk party» жобасы аясында «Ұлағаты мол ұлттық ойын» атты іс-шара ұйымдастырылды.

Атаулы іс шараға Алматы қаласы білім басқармасының дене тәрбиесі орталығының директоры Бақтияр Елемесов, этнограф, жазушы, сыншы Болат Бопайұлы, спорт шебері, халықаралық турнирдің жеңімпазы Қырғызбаев Қайрат , «Ақиқат» журналының бас редакторы Дәуіржан Төлебаев, жазушы, «Балдырған» журналының бөлім редакторы Серік Нұғыман, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық Университеті педагогика кафедрасының доктор (PhD), тарихшы, педагог, мәдениеттанушы – Шашаева Гүлбақыт қазылық жасап отырды. 

Іс-шараға 187- бөбекжай балабақшасының «Қайнар» тобының ата-аналар мен балалары қатысты . «Қыран» және «Сұңқар» атты екі топ қатысып, өзара бақ сынады. «Асық ату», «Тұмақ ұру», «Бұқа тартыс», «Арқан тарту», «Бестемше» аталымдары бойынша сайысқа түскен топтар ептілік, жылдамдық, ширақтық, тапқырылық, ұтқырлық, мықтылық тәрізді қасиеттер бойынша сынға түсіп, жеңіске бар күштерін салды. Қазылар алқасының шешімі және жинаған ұпай сандары бойынша бірінші орынға «Сұңқар» тобы лайық деп танылды. Екінші орын – «Қыран» тобына бұйырды. Жүлдегерлер сайыстың медальдерімен марапатталып, бірінші орын иегерлеріне Кубок табыс етілді. Іс-шара соңында «Асық» бейнесінде жасалған эстафета нышаны 211-ші мектеп-гимназиясының өкіліне табысталды.

qazaquni.kz