"Kazakh Tourism" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары: Былтыр туризм саласы бойынша 750 миллиард теңге инвестиция тартылды
2024 ж. 14 маусым
690
0
Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен туризмді дамыту жөніндегі кеңес өтті. Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Айбек Дәдебай, Бас прокурор Берік Асылов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Үкімет мүшелері, Астананың, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдері, ұлттық компаниялар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшілері, туризм секторындағы бизнес қоғамдастық өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысы, ең алдымен, туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамуына ықпал етіп отырған әрі инвесторлар үшін тартымды сала екенін атап өтті.
Осыған байланысты, "Қазақ үні" ақпарат агенттігінің тілшісі "Kazakh Tourism ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Даниел Сержанұлының туризм саласына қатысты білген еді.
- Даниел Сержанұлы, елімізде туризм саласын цифровизациялау деңгейі қандай?
- Цифрандыруға келетін болсақ, бұл әлі де жақсартуды талап ететін саланың бірі. Жалпы, "Kazakh Tourism ҰК" АҚ басты өнімі "Е-қонақ" деп аталады. Елге келген туристердің барлығын есепке алатын сервис. Қолданыста төртінші жыл. Сол арқылы жалпы туристердің портретін, кім келіп жатыр, қанша уақытқа, қайтып келді ме деген сияқты.
- Осы салаға тартылған инвестициялар қандай?
- Былтыр бұл салаға 750 миллиард теңге инвестиция тартылды. Бұл оның алдыңғы жылымен салыстырғанда 1,5 есе артық.
- Бүгінде жылына шамамен қанша шетелдік туристер келеді елге? Шетелдік туристердің қызығушылығын арттыру үшін қандай жобалар жүзеге асырылуда?
- Жалпы, туризм саласы дамыған елдер шетелден келген адамдардың санын есепке алады. Ол бойынша былтыр Қазақстанға 9,2 млн адам келген. Ал, нақты былтыр турист ретінде келген адамдарды санасақ 1,1 млн. Мемлекеттің алдына қойған мақсаты 2029 жылға дейін қонақ үйлерде қызмет алған туристер санын 4 млн-ға жеткізу.