Ақмола облысы аумағында Дін мәселелері жөніндегі Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен кездесулер өткізілді
2024 ж. 14 маусым
830
0
Қазақстан Руспубликасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 10-14 маусым күндері Дін мәселелері жөніндегі Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Ақмола облысына іс-сапар жасап, тұрғындармен кездесті.
Іс-сапар барысында халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда деструктивті діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында жалпы саны 20-дан астам кездесулер ұйымдастырылып, 400-ден астам тұрғындар қамтылды.

Аталған іс-шараларға Қостанай облысы «Діни проблемаларды зерттеу орталығы» КММ орталығының теолог маманы – Нұғыманов Асет Бауыржанұлы, Астана қаласы «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы» КЕАҚ бас сарапшысы – Жақиянов Дулат Жәрдемқұлұлы, «Конфессияаралық қатынастарда талдау және дамыту орталығы» ЖШС инспекторы – Батырханов Асылхан Еруланович және Астана қаласы «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС дінтанушы маманы – Қайдар Мирас Қабиденұлы секілді Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Түсіндіру тобының мүшелері Степногорск қаласы және Бурабай, Зеренді, Атбасар, Есіл аудандарын аралап, халық арасында «Қазақстан Республикасы – зайырлы мемлекет», «Заң және тәртіп», «Қазақстандағы дәстүрлі емес ағымдар», «Деструктивті жалған діни ұйымдар қаупі», «Діни және құқықтық сауаттылық – адасулықтан қорғайды», «Жалған діни ұйымдар қаупі» және т.б. тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-сапар барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында түзету мекемесінде жазасын өтеушілер, спорт мектептерінің тәрбиеленушілері, студенттер, мемлекеттік қызметшілер және т.б. тұрғындар қамтылды.
Ақжан Ғұмар,
Қазақ үні