5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні

 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау және Экологтер күні қарсаңында кітапхана қызметкерлері Түркістан облысының Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркіне арнайы барып, мамандарды кәсіби мерекелерімен құттықтады. 

Құттықтау барысында табиғи парк қызметкерлеріне кітапхана директорының атынан алғыс хат табысталып, сый-сыйапат көрсетілді. Орталық директоры Әбдихадиров Ақыл Каналұлы кітапханашыларды орталық жұмыстарымен таныстырып, кітапхана қорына арнайы шығарылған кітап сыйға тартты. 

Және, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде 5 маусым – Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күніне орай, Ғылыми зерттеуді қамтамасыз ету \табиғат және экология\ бөлімінің қызметкерлері «Табиғат тазалағы – халық тазалығы» атты көрме ұйымдастырды. Мақсаты – адамзаттың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру. Экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру.