Мұхамеджан Тыншбайұлының туғанына 145 жыл

Мұхамеджан Тыншбайұлының туғанына 145 жыл

Арыс қаласында орналасқан М.Тынышбайұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мұхамеджан Тыншбайұлының туғанына – 145 жыл» атты тақырыппен іс-шара өткізілді. Іс-шараға тарихшы, педагог, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышбайұлының немересі Нұршәкен Жүнісқызы келген қонақтарға «Мұхамеджан Тыншбайұлына 145 жыл» төсбелгісін аудандық білім бөлімінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлына, Түркістан облысы Білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары, бұл күні зейнеткер Садықова Ардақ Мәдіқызына, мектеп директоры Керімбай Жұмахан Қарсанұлына және Тойлыбаева Жайна Мырзақұловаға салтанатты түрде табыстады.

Мақсат – оқушыларды ұлтжандылыққа, табандылыққа, рухани жаңашылдыққа тәрбиелеу. Жас ұрпақты М. Тынышбайұлындай ұлы тұлғамен және қайраткер тұлғаның еңбектерімен таныстыру. 

Мұхамеджан Тынышбайұлы 1879 жылы 12 мамырда Жетісу облысы, Лепсі уезі, \қазіргі Алматы облысы, Қабанбай ауылында\ туылған. Ол ауыл молдасынан хат танып, 1890 жылы ерлер гимназиясының даярлық сыныбында оқыған. Бұл институтты 1906 жылы бітіріп шығады. Мұхамеджан Тынышбайұлы 1906 жылы «Қазақтар жәш азаттық қозғалысы» атты баяндама жасайды. Ол баяндама «Орыстық Түркістан» деген орыстар қазақтарды отарлау жоспарымен ойлап тапқан басылымда шығады. Ол баяндамасында «Үкіметтің нені көздегені белгілі, біріншіден жабайы да тағылық репрессияларымен және тіл, салт-сана, дін һәм руханият атаулыны орыстандырмақ. Екіншіден, түрлі әкімшілік шаралармен, әкімдермен, ережелермен қазақты құқықсыз, заңнан тыс етпек, сүйегі көмілген өз жерінен айырып, шөл-шөлейт жерге қуып, өлім құшағына тапсырмақ. Міне, қазақ бұрынғы дербестігі мен еркіндігінің орнына орыс бодандығына қантөгіссіз кіргендігінің ақысына жалғандығы. Сондай ақ, қайраткердің осы рухтағы өткір мақалаларының бірі «Қазақтың қазірігі жағдайы мен өмірге қажетті сұранымының жалпы сипаттамасы»» деп аталады. Орыс отарлауын анық көрсетіп берген осы мақаласынан кейін оның артынан патша тыңшылары аңду қойған. 

Мұхамеджан Тыншбайұлының тағдыр-талайы білім мен ағартуға, ұлттық теңдік пен өркениетке ұмтылған қазақ халқының тағдырымен бір. Өз ұлтына адал қызмет еткен арда азамат кеңес үкіметі қазақ халқын жойу мақсатында қолдан ұйымдастырған ашаршылық пен ату-асу, қудалау, жала жауып жер аудару тауқыметінен 1937 жылы қайтыс болған. Ол қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері. Алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі. Алаш Орда үкіметінің мүшесі және төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым. Қазақтан шыққан теміржол саласының мықты инженері еді. Оның жарқын бейнесін, ұлтқа деген адалдығын насихаттау ұрпаққа тәлім-тәрбие, рухани азық. Бүгінгі өткен іс-шараның басты мақсаты да осы.   

Сонымен қатар шара барысында 2023-2024 оқу жылындағы оқуда жақсы оқыған оқушыларға үздік белгісі табысталды. 

Іс-шара соңында келген қонақтар мектеп ұжымына және үздік оқушыларға өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, сәттілік тіледі