Астанада "Қауіпсіздік қаласына саяхат" шарасы өтті

Астанада "Қауіпсіздік қаласына саяхат" шарасы өтті

1 маусымда Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті Балаларды қорғау күнін мерекелеу аясында құтқарушылар «Қауіпсіздік қаласына саяхат» атты іс-шара ұйымдастырды, оның барысында балаларға қауіпсіздік көптеген қуанышты эмоциялармен, керемет көңіл-күймен және жағымды жарқын әсер қалдырып, рухани мереке сыйлады.

Департамент қызметкерлері балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударады және балалар жарақаты мәслесіне назар аудару және ата-аналарға баласын кез келген төтенше жағдайлардан қалай қорғау керектігін еске салу мақсатында іс-шараларды үнемі ұйымдастырады.

Сондай-ақ судағы оқиғалардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында елордалық Төтенше жағдайлар департаменті жарқын эмоциялар мен әсер қалдырып, ауқымды іс-шара ұйымдастырды. Құтқарушылар су-құтқару станциясы мен қалалық Орталық саябығы аумағында балаларға арналған түрлі викториналар, ойындар, конкурстар ұйымдастырды, онда әркім өзін өрт сөндіруші, құтқарушы, кинолог, дәрігер ретінде сезінді. Іс-шара Департамент басшылығы мен жеке құрамының қатысуымен өтті.

Сондай-ақ, іс-шара аясында құтқарушылар техника мен жабдықтар көрмесімен іс-шара ұйымдастырды, онда балаларға өрт және судағы қауіпсіздік бойынша нұсқаулық өткізді.