Түркістанда Халықаралық Балаларды қорғау күні кең көлемде аталып өтті
2024 ж. 03 маусым
506
0
Түркістанда 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күні аталып өтті. «Бақытты балалық шақ» мерекелік іс-шарасына облыс әкімі Дархан Сатыбалды қатысып, балалармен бірге көрме мен концерттік бағадрламаны тамашалады.
«Керуен сарай» туристік кешенінде өткен жиында тақырыптық көрме жасақталған. 500 оқушыдан құралған домбырашылар бір мезетте күй тартты. Балалардың қолданбалы өнер бағытындағы шығармашылық жұмыстарының жәрмеңкесі өтті. «Кітаптар жазы» көрмесі және «Фараб» кітапханасының балаларға арналған кітаптар көрмесі жасақталды.
Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламаға ұласты. Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония өнерпазадарымен бірге «Ақжайық» музыка мектебінің таланттары өнер көрсетті. Сонымен қатар жалпы облыстың дарынды балалары да кешке атсылысты.
– Балаларға қамқорлық пен толыққанды тұлға болып қалыптасуына жағдай жасау-мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі және басым бағыттарының бірі. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауларында балаларға жағдай жасау, олардың сапалы білім алуына қолдау көрсету туралы үнемі айтып келеді. Бүгінгі бала – елдің ертеңі , болашағы, ұлттың жалғасы. Балаларға жадай жасау үшін облыста денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым бағытында нақты шаралар қолға алынып, жүйелі жұмыстар атқарылып жатыр. Осы жұмыстар нәтижесінде биылғы оқу жылын облыс оқушылары үлкен жетістіктермен аяқтады. Халықаралық, республикалық, ғылыми жоба байқаулары мен пән олимпадаларында дарынды балаларымыз 23 алтын, 17 күміс, 20 қола медальға қол жеткізді.
Бұл – біздің өңірде талантты, білімді, жігерлі балалар өсіп келе жатқанының белгісі.
Қымбатты балалар! Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін. Жазғы демалыстарыңыздың қызықты өтуіне шын жүректен тілектестігімді білдіремін,-деген өңір басшысы халықаралық, республикалық байқаулардың, олимпиадалардың, спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттады. Сондай ақ, қаржылай сыйақы сертификаты табысталды.