Түркістанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құбандарын еске алды

Түркістанда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құбандарын еске алды

Түркістан қаласында 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құбандарын еске алу күніне орай, іс-шара болып өтті. Тарихымыздағы қайғылы да қасіретті жылдарды еске алуға арналған іс-шараға Түркістан қалалық мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, облыстық мәслихат депутаты Инара Намазбаева, Сұлтанбек Қожановтың немересі Сұлтанбек Қожанов, сондай ақ қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов бастаған зиялы қауым өкілдері қатысып, ел тарихы үшін бұл шараның бар маңыздылығын атап өтті. 

1997 жылы 31 мамырдағы Мемлекет басшысының Жарлығымен бектіліген «Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні» аталып келе жатқанына 27 жыл толып отыр. Біздің барша халқымыз үшін бұл күн ерекше тарихи мәнге ие.

Іс-шарада «Саяси қуғын-сүгін және ашаршылық құрбандарын еске алуға» арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, сол бір қиын қыстау заманда қаза тапқан ата-бабаларымызды бір минуттық үнсіздікпен еске алды

Және, Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінде де саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай, «Өзекті өртер» шындық» атты көрме жасақталды. 

Көрмені өткізудегі мақсат, қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу. Сондай ақ сол уақытқа тәуелсіз ел ұрпағының көзімен баға беру. Өскелең ұрпақты музей қорында сақталған бірегей жәдігерлермен таныстыру. 

Аталған көрмеге азаттықты аңсаған А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхан, М. Жұмабаев, М. Дулатов т.б. алаш арыстарының қуғын-сүргін құрбандарының архивтік құжаттары, жез бетіндегі суреттер, мақала, карта, шыны сөрелерде кітаптар, ер-тұрманға арналған сәндік мата т.б. жәдігерлер қойылды.