Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
2024 ж. 03 маусым
551
0
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні қарсаңында «Фараб» кітапханасы және «Түркістан облысының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» бірлесе отырып «Қуғын-сүргін құрбандары –Алаш жұртының зиялылары» атты ғылыми танымдық кеш өткізді.
Кешке тарих ғылымдарының докторы, профессор Хазретәлі Тұрсын, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Зікірия Жандарбек, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Түркістан қалалық әжелер алқасының төрайымы Айғаным Серім, Түркістан қаласының «Құрметті азаматы» таих ғылымының кандидаты Баян Адырбек, Алаш зертеушісі, зейнеткер Сұлтан Тұрғанбаев, Қазақстан журналистер одағының мүшесі Несіпкүл Өтебаева, зейнеткер-ұстаз Сержан Раушан, «Дін психологиясы» саласының докторы Мұхит Төлеген келушілермен тарихи тағылымды бағытта әңгіме өрбітті.