Түркістан облысы әкімдігінің мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтауы

Түркістан облысы әкімдігінің мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтауы

Түркістанда кәсіби мерекеге орай мәдениет және өнер қызметкерлері марапатталды. Қоғамның мәдени-рухани ғана емес, саяси-мәдени өміріне белсене араласып жүрген бір топ қызметкерлеріне «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің «Құрмет» грамотасы, ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің алғыс хаты және облыс әкімдігінің алғыс хаттары табысталды. 

Мәдениет саласының дамуына қосқан ерекше үлесі мен еңбегі үшін Түркістан музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі Омарова Шынар «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен, директордың шығармашылық жөніндегі орынбасары БозшинаАйгерім Түркістан облысы әкімінің «Алғыс хатымен», ал Рустам Шайховқа Түркістан облысы әкімі орынбасарының «Алғыс хаты» табысталды.     

Түркістан облысының мәдениет және туризм басқармасының Алғыс хатымен балет әртістері Шоманов Дәулет пен Қадыржан Төреханов мараптталды. 

Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының «Грамотасымен» режиссердің көмекшісі Алимжанова Кәмила марапатталды. 

Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейі «Ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету» бөлімінің меңгерушісі Айнұр Қыдырбаева ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның «Алғыс хатымен» марапатталды. 

Облыс әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев, «Еліміздегі ең күрделі салада қызмет атқарып келесіздер. Біздің облысымыздың құрылғанына биыл алты жыл толып отыр. Осы уақыт аралығында рухани-мәдени ошақтар бой көтеріп үлгерді. Мәдени ұжымдардың қалыптасуына сіздердің еңбектеріңіз орасан зор. Бір ғана өңірден емес, жан-жақтан келіп киелі мекенді түлетуге қызмет етіп жатыр. Бұл бір күндік не бір жылдық емес, жылдар бойғы дүние. Түркістанның жаңа мәртебесі туралы Заң жобасы қаралып жатыр. Бұл рухани бағасы мен мәдени құндылығын арттыра түседі деп ойлаймыз. Түркістан – облыстың ғана емес, түркі әлемінің де орталығы. Өңірден 600- ден астам мекемеде 4000-нан аса әріптес еңбек етіп жатыр. Осы мамандардың арқасында Түркістан былтыр да, биыл да біраз жетістікке жетіп отыр. Сіздерге шығармашылық табыс тілеймін. Биіктен көріне беріңіздер!», деп ризашылығын айтты.