Жас сарбаздар ант берді

Жас сарбаздар ант берді

Сағадат Нұрмағамбетовтің жүз жылдық мерейтойына жас сарбаздар отанға адал болуға ант берді.

Кеңес Одағының батыры, тұңғыш халық қаһарманы, Тәуелсіз Қазақ елінің тұңғыш Қорғаныс мниистрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскері институтының «Әли» оқу жаттығыу орталығы сарбаздарының әскери ант қабылдау рәсімі батырдың ғасырлық мерейтойымен тұспа-тұс келді. 

Сағадат Нұрмағамбетов ескерткішіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін Құрлық әскерлері әскери инситутының «Әли» оқу жаттығу орталығында салтанатты түрде ант беру рәсімі өтті. 

Іс-шараға әскер қатарына алынған 46 сарбаз салтанатты жағдайда Отанға және Қазақстан халқына адал болуға ант берді. Жас жауынгерлерді осындай айтулы күнмен инситут басшылығы мен олардың туыстары құттықтады. 

Бір айлық қызмет барысында сарбаздар жас жауынгер курсын оқып, жалпы әскери жарғыларды, қарудың тактикалық-техникалық сипаттамаларын үйренді. Саптық, атыс, және дене шынықтыру дайындығынан өтті. 

 – Бүгін маңызды күн. Мұндай оқиға әскери қызметшінің өмірінде бір ақ рет болады. Отанға қызмет ету үшін әскерге өз еркіммен келдім. Бұл әр адамның борышы деп санаймын,-деді Түркістан облысынан әскерге шақырылған сарбаз Оспан Ерғали.

Іс-шара соңында сарбаздар саптық алаңда салтанатты деммен қарыштап жүріп өтті. Ресми бөлімнен кейін институт басшылығы мен оқу орталығының өкілдері әскери қызметшілердің ата-аналарымен әңгімелесіп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Келген қооонақтарды әскери қызметтің шарттарымен таныстырып, оларға аудиторияларын, тұратын жері мен асхананы көрсетті. 

Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы Ақмола облысында дүниеге келді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, Беларусь, Солтүстік Кавказ, Украина, Польша майдандарында ұрысты. Тіпті, Германияға дейін жеткен. 5-екпінді армияның атқыштар батальонын басқарып, Гитлер канцеляриясын шабуылдауға атсалысты. Ол бар болғаны 20 жасында Кеңес одағының батыры атанды. Қанды қақтығыстан кейін Қорғаныс саласында қызмет етті. Қазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін мемлекетіміздің қорғаныс саласын қалыптастырға бар білім-қуатын жұмсады. Қазақстанның қорғаныс саласына еңбегін сіңірді.