Түркістанда «Ұлы даланың жас алашы» танымдық кеш өтті
2024 ж. 29 мамыр
434
0
Биыл қазақ әдебиетінің аспанында жарқ етіп бір сәтте жалт етіп ағып түскен жұлдыздардың бірі, жас талант Саттар Ерубаевтің туғанына – 110 жыл. Қазақтың маңдайына біткен марқасқа ұлы небәрі 23 жыл ғана ғұмыр кешті. Оның есімі адамзат тарихынан ешуақытта ұмытылмақ емес. Осы мақсатта Түркістан облыстық тарихи-өлкетану музейінің Саттар Ерубаев музей-филиалы және Түркістан қалалық Мәдениет үйі мен мәдениет үйіне қарасты «Бірлік» клубының бірлескен шарасы өтті. «Ұлы даланың жас алашы» атты ұлттық танымдық кешке зиялы қауым өкілдері мен мұражай қызметкерлері қатысты.
Саттар Асқарұлы Ерубаев \1914-1937ж.\ Оңтүстік Қазақстан облысының Түркістан ауданында туған.Ол ауыл молдасынан оқып, сауат ашқан. Түркістан жетіжылдық мектебін бітіріп, аудандық комсомол комитетінде біраз уақыт қызмет істеген. Алматыдағы жоғары оқу орындарына түсуге даярлайтын дайындық курсынан кейін, сол кездегі Ленинград қаласындағы тарихфилософиялингвистика институтын бітірген. Саттар Ерубаев сол уақыттағы «Лениншіл жас» қазіргі «Жас Алаш», «Қарағанды пролетариаты» басылымында бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Ол өзінің «Менің құрдастарым» романының материалдарын сол жердегі өмірден жинақтап жазған екен. Қазақстан кеңес жазушылары одағының 1 сезіне делегат болып қатысып, одақ мүшелігіне алғаш қабылданғандардың бірі.
Саттар Асқарұлы Ерубаев суреттеме очерк, публицистика, өлеңжыр, баллада, эпиграмма, пародиялары арқылы туған әдебиеті тарихына өшпес із қалдырған жазушы.
Іс-шара аясында әдеби ортаға тұлпар шабыспен екпіндей келіп, ғұмырының соңына өшпес мұра қалдырған талант туралы кеңінен сөз болды. Жергілікті ақын Әйгерім Жұмабай Саттар Ерубаев жайында ой қозғады. Сондай ақ, Саттар Ерубаев музейінің меңгерушісі Айгүл Исабекова Саттар ғұмырын ғасырдың өшпес мұрасына теңеп, Ерубаев шығармашылығын құрметтеп өскен ұрпақтың қатары артса деген ниетін білдірді.
Тағылым мен тәрбиеге толы басқосуда қаладағы Саттар Ерубаев атындағы №7 мектеп-интернатының оқушылары Саттар шығармаларынан үзінді оқыды. Ал, мәдениет үйінің «Шұғыла» халықтық мәдени-үгіт бригадасы көрерменге «Шындық пен шығарма» танымдық қйылымын ұсынды. Яссы халықтық этно-фольклорлық ансамбілінің жетекшісі Ерлан Жақыпбеков пен күйші Нұрзаман Мұсаханұлы көңіл тебірентер күйлерді асқан шеберлікпен орындады. Мәдениет үйінің «Аға» әнін орындап, айшықты шараны қорытындылады.