АУЫЛ КӨРКІНЕ АЙРЫҚША МӘН БЕРЕДІ

АУЫЛ КӨРКІНЕ АЙРЫҚША МӘН БЕРЕДІ

«Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда

Республика бойынша өткізіліп жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы еліміздің әрбір аймағында жалғасуда. Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Батан ауылы орта мектебі де аталмыш акция аясында тазалау жұмыстарын жүргізді. Шолпан Оспанова басқаратын білім ордасында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Нелля Сейдалиева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Біржан Айтқалиев және әдіскер Жәмилә Құрманбаева, ұйымдастырушы Бекнұр Иманқұлов, шаруашылық жөніндегі қызметкерлер Қожаева Мәриям, Әлімжанова Раушан сынды жауапты мамандардың атсалысуымен мектеп ауласына реттеу шаруасы атқарылды. Сонымен қатар көгалдандыру ісі де жанданып, мектеп айналасына ағаш отырғызылды. Айналаға көрік беріп, көз жауын алатын әртүрлі гүл егілді. 

Мұғалімдер өздері тұратын Батан ауылының да көркеюіне көңіл аударып, елдімекеннің тазаланып, жаңғыра түсуіне аса мүдделі. «Ауыл көркі –

бәріміздің сәніміз, бәріміздің бет-бейнеміз» дейді олар. Осы себептен олар шаруашылықты көркейту істеріне де белсенді түрде араласып отырады. 

Мектеп ұжымының мұндай акцияны бір мәрте ғана емес, тұрақты түрде жүргізуді әдетке айналдыруы жас ұрпаққа үлгі-өнеге екені анық.

Лаура ДИҚАНҚЫЗЫ,

Қарасай ауданы

Батан ауылы орта мектебінің 

кітапхана меңгерушісі.

Алматы облысы