Республикалық Қанипа Бітібаева олимпиадасы өз мәресіне жетті

Республикалық Қанипа Бітібаева олимпиадасы өз мәресіне жетті

Осы жылдың 12-14 мамыр күндері аралығында Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қ. Бітібаева атындағы атаулы олимпиаданың республикалық кезеңі өтті. 

Мақсат – қазақ тілі саласында өз еңбектері және зерттеулерімен танылған Қанипа Бітібаеваның өмірін, еңбектерін дәріптеу.

Қанипа Омарғалиқызы 1945 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданы, комсомол ауылында көп балалы отбасында дүниеге келген. Қанипа Бітібаева 1952-1959 жылдары Сталин атындағы жеті жылдық мектепті, 1963 жылы аудан орталығы Ақжар селосындағы Абай атындағы орта мектепті бітірді. Окуға қаражат жинау мақсатында бір жыл механизатор болып жұмыс істеген. 1964-1968 жылдары Семейдің Н. Крупская атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімінде оқып, оны үздік дипломмен бітірді. Институт қабырғасында жүріп Халық театрының маңдай алды мүшесі болды. Басыт рөлдерде ойнап, өнерімен Халық артистері Ә.Жаңбырбаев, К. Сәиеваларды тәнті етті. 

1968-1980 жалдар арасында иуған ауылында мұғалім, директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. 1976 жылы обблыстық директорлар семинарында атақты ұстаз КСРО Халық мұғалімі Қ. Нұрғалиев ұстаздың сабағына қатысады. Жас ұстаз еңбегіне таңдай қаға отырып, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігіне» ұсынады. Қанипа Бітібаева мектепте «Жас қалам» әдеби үйірмесін жүргізіп, ауылда кіші театр ашады. Қ. Бітібаева 1977 жылы ауданда тұңғыш рет «Әдістемелік кабинет» жабдықтаған ұстаз. Ұстаздың әдістемелігін Ресей, Қытай, Түркия елдерінен ғалымдар, ұстаздар келіп іс тәжірибесімен танысқан. БАҚ-да 70-тен аса мақалалар мен очерктер жазылған. Ол соңғы он бес жылда республика ұстаздарына 4000 сағаттай дәріс оқып, ашық сабақтар берді. Қанипа Бітібаеваның ұстаздық жолдағы ерен еңбегі бағаланып оған 1990 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілген. Ұстаздың жүріп өткен осынау ұлы жолы қазіргі ұстаздық жолға түскен мамандар үшін үлгі, өнеге. Оны дәріптеу біздің парызымыз. Осы өтіп жатқан республикалық Қанипа Бітібаева олимпиадасының басты мақсаты осы. 

Сонымен үш күнге созылған білім жарысында, Кәусар Қайрат – ІІІ орын, Дарина Асқар – ІІ орын, Аружан Таласпай –ІІІ орынға ие болды.