ӘЛЕМДІК КІТАП КҮНІ ДЕ ЕСКЕРІЛДІ
2024 ж. 12 мамыр
535
0
Оңтүстік өлкеде сәуір айының 23-і – Дүниежүзілік кітап пен авторлық құқық күні де атаусыз қалмады. Төле би ауданының орталық кітапханасы өз оқырмандары үшін кең танымдық бағдарлама әзірледі.
Кітап фестивалі және кітапхананың ашық есік күнін аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің жетекшісі А.Асылбек оқырмандарды айтулы оқиғамен құттықтау сөзбен бастап, көпшілікті кітапқұмарлыққа, білімге үндеді.
Іс-шара аясында жас оқырмандар үшін ақын О.Сүттібайдың «Күзгі әуен» кітабының тұсаукесері өткізілді. Қаламгер бұдан соң өзінің жаңа жырларын оқып, келушілердің түрлі сауалдарына жауап қайтарды. Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры С.Шишкина сала қызметкерлерінің атынан жиналғанарға ризалық сөзін жеткізді.
Кітапхана ауласында үш мектептен келген балғын оқырмандарымен «Кітап Ханшайымының» сәлемдесу көрінісі қойылды. Сондай-ақ ерекше кітап көрмесі мен инсталляция өткізіліп, ертегі кейіпкерлерінің бейнесі бойынша айрықша плакат байқауы ұйымдастырылды, викторина сұрақтары қойылды, тапқырлар сайысы тамашаланды, ән-күй шығармалары тыңдалды.
Байқау жеңімпаздар арнайы сыйлықтар иеленді, ал барлық қатысушылар мол дастарханнан дәм татты.