Жастар орталығы қызметкерлері арасында кіші футболдан турнир өтті

Жастар орталығы қызметкерлері арасында кіші футболдан турнир өтті

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай» жастар арасында саламаты өмір салтын қалыптастыру және әріптестік, достық қарым қатынасты нығайту мақсатында спорттық кіші футбол түрінен турнир өтті. 

Турнирдің негізі мақсаты – әріптестердің достық қарым-қатынасын гығайту, ұйымшылдыққа тәрбиелеу және шағын футбол ойынын насихаттау, өркендету сонымен қатар спорттық командалық ойындарға жастардың қызығушылығын арттыру болып табылады. 

Жарыс жеңімпаздары мен үздік ойыншыларын марапаттау шарасына Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ерлан Нұралыұлы қатысып, жастар орталықтары қызметкерлерінің спортқа деген қызығушылығын арттырып, спорттық шараларды ұйымдастырудың маңыздылығына тоқталды. 

Сондай ақ, ойынды ұйымдастырушы Жетісай аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ –нің басшысы Айбек Сұлтанмұратұлы жыл сайын облыс көлемінде жастардың шағын футбол ойындарына қатысу деңгейі артып келе жатқанын айтып, қатысушыларға алғысын жеткізіп алдағы уақытта мұндай шаралар өз жалғасын табатынын жеткізді. 

Жарыс қортындысына сәйкес нәтижесі төмендегідей:

І орын: Сауран ауданының жастары,

ІІ орын: Мақтарал ауданының жастары,

ІІІ орын: Келес ауданының жастарында. 

«Үздік қақпашы» номинациясы Шыназбек Қуаныш. \Келес ауданы\

«Үздік қорғаушы» номинациясы Мұсылман Нұркен. \Мақтарал ауданы\

«Үздік ойыншы» номинациясы Байтұрсынов Бақдәулет. \Сауран ауданы\

Барша жеңімпаз командаларды шын жүректен құттықтаймыз.