Түркістан облысында екінші дүниежүзілік соғысының 11 ардагеріне 1 млн 5 мың теңгеден беріледі

Түркістан облысында екінші дүниежүзілік соғысының 11 ардагеріне 1 млн 5 мың теңгеден беріледі

Биыл жалпы 3654 ардагер мен тыл еңбеккерлеріне екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңіс мерекесінің құрметіне бір реттік материалдық көмек төлеу үшін аудандық, қалалық бюджет есебінен 176, 5 млн теңге қаржы бөлінді. Аталған төлемдер 3 мамырға дейін толық төленеді. Оның ішінде 11 екінші дүниежүзілік соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне 1 млн 500 мың теңге, кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарға, ҰОСҚ, ҰОСМ теңестірілген басқа да санаттарға 100 мың теңгеден, блокадалық Ленинградтың тұрғындарына 60 000 теңгеден, тыл еңбеккерлеріне 30 000 теңгеден 3522 адамға беріледі. 

Жеңіс күнінде Түркістан қаласындағы «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қою жоспарланып отыр. Сонымен қатар патриотизм мен отансүйгіштік рухты нығайту мақсатында белгілі тарихи тұлғалардың, батырлардың ескерткішіне гүл шоқтарын қою, волонтер жастардың күшімен екінші дүнинжүзілік соғысқа қатысушылардың тұрмыстық жағдайына көмектесу, «Ардағым ардагерім» акциясы өткізіледі деп отыр. 

Айта кетейік, Түркістан облысынан екінші дүниежүзілік соғысқа 140 мыңнан астам азамат аттанған. Оның ішінде 51-і Кеңес одағының батыры және 8-і ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені кавалерлері атағын алған.