«Сәлем» ІІ Халықаралық комедиялық театр фестивалі өз мәресіне жетті

«Сәлем» ІІ Халықаралық комедиялық театр фестивалі өз мәресіне жетті

1-4 мамыр аралығында Сәкен сері Жүнісовтің 90 жылдық мерейтойы аясында өткен «Сәлем» ІІ Халықаралық комедиялық театр фестивалінде Түркістан облысы атынан Райымбек Сейтіметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры 4 мамыр күні Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың, «Құрмет» орденінің иегері Қ. Қасымовтың жоба жетекшілігімен, Н. Ізтаевтың сахналауымен Э. Макашеваның аудармасындағы А. Айларовтың «Келісімшарт бойынша қалыңдық» комедиясымен өенр көрсетті. 

Аталмыш фестивальде Қазақстан, Түркия, Әзербайжан мемлекетінің беделді театрлары бақ сынады. Бірнеше күнге созылған фестиваль бүгін өз мәресіне жетті. Айта кетейік, додада жүлделі орындар берілмей, номинациялармен марапатталды. Қазылар алқасының әділ шешімімен «Қазылар алқасының арнайы жүлдесімен» марапатталды. Құрметті Түркістандықтар бұл өнер додасындағы ортақ жеңіс баршамызға ортақ. Жеңіс құтты болсын.