18 сәуір халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

18 сәуір халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

Қазіргі таңда Түркістан облысының аумағында 1780 тарихи-мәдени мұра объектісі есепке алынған. Оның ішінде халықаралық маңызы бар 1 ескерткіш «\Қожа Ахмет Ясауи кесенесі\, республикалық маңызы бар 40 \30 сәулеттік, 10 археологиялық\, жергілікті маңызы бар 403 \46 сәулеттік, 356 археологиялық 1киелі объект\, алдын ала есепке алу тізімінде 1336 \оның 102 сәулеттік, 1160 археологиялық, 64 киелі объект\ бар. 

Тариха көрнекті тұлғаларды тарихи кезеңдер мен оқиғаларды ұлықтау мақсатында қойылған 842 монументті өнер туындылары бар. Жалпы монументтік өнер құрылыстарын орнату ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің \әрі қарай – Министрлік\ 2020 жылғы 28 сәуірдегі № 103 бұйрығымен бекітілген Қағидаға сәйкес жүргізіледі. Сондай ақ, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, рулық белгіге ие ұсыныстар қаралмайтынын және ҚР Мәдениет және ақпарат минстрлігінің ұстанымына сәйкес ескерткіш қойылатын тұлғаның Ономастика саласында «Тарихи тұлғалар» тізімінде болуы ескерілетіндігін атап өтеміз.

Облыста мәдени мұра саласын дамытуға тарихи-мәдени мұраларды қорғауға ерекше мән беріледі. Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі арнайы комиссия құрылып осы салада туындаған мәселелер аталған комиссияда қаралады. Сондай ақ, облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі арнайы орталық жұмыс жасайды. Өңірде қойылатын монументті өнер туындылары мен қорғалуға жататын тарихи-мәдени мұраларымызды қорғау жұмыстарын жүргізеді. 

Айта кетейік, облыстық бюджеттен тиісті қаржы қарастырылып, 2023 жылы «Арпаөзен археологиялық кешеніне» ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, белгілі бір кезеңде өмір сүру салтын бейнелеген петроглифтер зерттелді. Бұдан бөлек 100 тарихи-мәдени орынға ғылыми сараптама жүргізіліп, мемлекеттік тізімге алуға ұсынылды. Осы бағыттағы жұмыстар жыл сайын жалғасын табады.