Академик Қаныш Сәтбаев апталығы басталды

Академик Қаныш Сәтбаев апталығы басталды

Биыл Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы, осы академияның тұңғыш президенті, геолог-ғалым, минерология ғылымдарының докторы, профессор, қазақтан шыққан академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толып отыр. Ғалымның есімі берілген Ленгір қаласындағы №ң жалпы білім беретін мектепте Қаныш Имантайұлының 125 жыл толуына орай Сәтбаев айлығы өтуде. 

Аталған іс-шара Сәтбаевтың мектеп ауласындағы ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталып, түрлі қызықты іс-шараларға ұласты. Айлық аясында қазақ тілі, орыс тілі, математика, тарих пәндері бойынша 5-10 сыныптардың оқушыларына арналған мектепішілік олимпиадалар өтті. Ал, 12 сәуір – академик өмірге келген күні мектепте Қаныш Имантайұлын еске алу кеші ұйымдастырылды. 

 – Мектебіміздегі Сәтбаев айлығы 30 сәуір күні қортындыланады. Осы айлық аясында өтетін іс-шараларға мектебіміздегі 931 оқушы мен 80 педагогті қамтуға тырысудамыз. Біз – түлектерімізбен мақтанамыз. Солардың бір тобы – 1999 жылғы түлектер өз есебінен Қаныш атамыздың жаңа бюстін жасатып, мектеп ауласына орнатып берді,-дейді мектеп директоры Ләззат Сандыбаева.