Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аудан көлемінде аталып өтті

Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы аудан көлемінде аталып өтті

Шардара ауданы, Бердібек Соқпақбаев атындағы жалпы білім беретін мектебінде қазақ әдебиетінің классигі, балалар әдебиетінің бәйтерегі Бердібек Соқпақбаевтың ғасырлық тойына арналған «Ақиқаттан аттамаған қаламгер» тақырыбында салтанатты іс-шараның шымылдығы салтанатты түрде ашылды. 

Мақсат – қаламгердің өнегелі шығармашылық жолын насихаттау арқылы дара қолтаңбасын таныту. Оқушылардың көркем шығарма оқуға деген қызығушылығын, рухани дамуын арттыру. Іс-шарада «Менің атым Қожа» фильмі кейіпкерлеріне негізделген көрмеден бастау алып, мектеп кітапханашысы Гүлайна Айдарованың ұйымдастыруымен «Тау тұлғалы тарлан» тақырыбындағы көрмеге жалғасты. 

Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері ашық сабақтар мен дебат ұйымдастырды.

Әдеби іс-шара ретроспективалық сұқбат түрінде сырласу кешімен жалғасты. Аталған мектептің математика пәнінің мұғалімі Данияр Медеубеков Бердібек атамыздың келбетін дәл келтіріп, образын шебер сомдады.