«Жалпы күш-жігермен»: Абай облысының Аягөз ауданында 6 мың адам сенбілікке қатысты

«Жалпы күш-жігермен»: Абай облысының Аягөз ауданында 6 мың адам сенбілікке қатысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтуде. Акция басталғаннан бері аудан тұрғындары күн сайын өзі тұратын көше бойындағы арықтарды, жол жиектерін қоқыстан тазартуда. Ал жалпыаудандық сенбілікте 120 техниканың көмегімен жиналған қоқыс шығарылды. 

«Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға арналды. Аудан орталығында үшін 500 түп ағаш отырғызылды.

- Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ауданымызда, тазалық жұмыстарынан бөлек, көгалдандыруды, жасыл аймақ құруды бастадық. Мысалы, бір ғана Аягөз қаласын көгалдандыру үшін 500 ағаш отырғызылды. Біз осы бағытта жұмыс істей береміз! - дейді Аягөз аудандық мәслихатының депутаты Гүлнар Әбуталипова. Аудандық мәслихат депутаты Айдар Нәдірбай да тұрғындардың, мекеме өкілдерінің тазалық акциясындағы белсенділігін ерекше атап өтіп, 6 мыңға жуық адамның сенбілікке қатысуы экологиялық сауатты қоғамның белгісі деген пікір білдірді.