Депутат тұрғындарды тасқынмен күресте белсенді болуға шақырды

Депутат тұрғындарды тасқынмен күресте белсенді болуға шақырды

Мәжіліс депутаттарының су тасқынына байланысты өңірлерге сапары жалғасуда. Олар апаттың алдын алу, зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсету және басқа да мәселелер бойынша жұмыс істеп жатыр. Мәжіліс депутаты Әділ Жұбанов Атырау облысы тұрғындарымен және бөгет тұрғызып жатқан жұмысшылармен кездесті.

Апат басталғалы ауылдастарымен бірге жүрген Әділ Жұбановтың айтуынша, бүгінде Атырау облысының Жылыой, Қызылқоға аудандары суға кеткен. Қазіргі таңда жергілікті билік, жеке кәсіпорындар мен Қарулы күштердің ресурстары жұмылдырылып, облыстық, аудандық штабтар жұмыс істеп жатыр.

Депутат, сонымен қатар, ауыл тұрғындарын белсенділік танытып, су тасқынына қарсы күресте ауызбіршілікте болуға шақырды.