Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде азаматтық белсенділер үлкен рөл атқарады - Аида Балаева

Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде азаматтық белсенділер үлкен рөл атқарады - Аида Балаева

Бүгін Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Осыған орай Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым өкілдерін құттықтады.

"Қазақ үні" ақпарат агенттігі министрдің құттықтауын ұсынады .

***

Құрметті үкіметтік емес ұйым өкілдері!

Бүгін бүкіл әлем Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күнін атап өтуде.

Қазақстанда үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешу мен азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып келеді.

Мемлекет басшысы ҮЕҰ рөлін ерекше атап көрсеткен.

Өздеріңіз білесіздер, олар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде маңызды рөл атқарады.

Қазір елімізде ҮЕҰ-ды мемлекеттік қолдау тетіктері қалыптасты. Атап айтсақ, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және марапаттау.

Қазір 23 мыңнан астам ҮЕҰ бар, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді.

Қоғамдық бірлестіктер мен қоғамдық кеңестер туралы заңнамаға түзетулер енгізілді.

Мемлекеттің дамуының негізгі ресурсы адами капитал, оның әлеуеті мен дамуы, яғни әлеуметтік капитал.

Азаматтарға инвестиция сала отырып, біз әркім әлеуметтік міндеттерін жүзеге асыруға өз үлесін қосатын күшті және дамыған қоғам қалыптастырамыз.

Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратын азаматтық белсенділерді Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе!

Азаматтық қоғам жауапты, берекелі болсын!

Еліміздегі азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды және негізгі міндеттерді жүзеге асыруда баршаңызға сәттілік, шығармашылық табыс, және кәсіби белсенділік тілеймін!