«Пошел на х…»: Өзбекстандық саясаткердің орыс жазушысына жауабы
2023 ж. 22 желтоқсан
1318
1
Ресейлік жазушы Захар Прилепиннің Орталық Азия республикаларын Ресейге қосу ниеті туралы сөзінен кейін Ресей Федерациясы мен Өзбекстан арасында жанжал туындады.
20 желтоқсанда Захар Прилепин (шын аты Евгений – ред.) өзі басқаратын «командирлер кеңесінің» баспасөз мәслихатын өткізген. Талқыланған тақырыптардың бірі Орталық Азия елдерінен келген мигранттар болды.
«Шындығында, мен еңбек мигранттары келетін бұл елдерді Ресейге қосып, орыс тілін сол жерде оқыту керектігін шын жүректен қолдаймын. Оларды мұнда емес, Өзбекстанның өзінде оқыту керек», - деді Прилепин.
Ресейлік жазушының сөзіне Өзбекстандағы тегі қазақ саясаткер, Экология министрінің кеңесшісі Расул Көшербаев жауап берді. Ол өзінің Telegram арнасында былай деп жазды:
«Прилепин мырза мен Өзбекстанды қосып алғысы келетіндерге олардың өз тілінде жауап берейін «пошёл на х...».