Отбасы цифрлық картасының артықшылығы қандай?
2023 ж. 21 қараша
475
1

Қазақстанда 1 қаңтардан бастап отбасы цифрлық картасы іске қосылды.
Жаңа жасалған отбасылық цифрлық картада 19 млн қазақстандықтың ақпараты жинақталыпты. 6,3 млн отбасының арнайы портреті қалыптастырылған. Азаматтардың әлеуметтік жағдайы, тұрғын үй ахуалы, тұрмыс деңгейі талданады. Бір сөзбен айтқанда, сіз мемлекеттен қандай да бір көмек түрін алуға құқылы болсаңыз, содан ақпар беріп отыратын электронды хабарлаушы іспетті.
«Мемлекеттік қолдау шараларын алу құқығы белгіленген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету туралы келісім әлеуметтік алушыға смс хабарлама келеді. Келісім алғаннан кейін әлеуметтік жәрдемақы төлемдер немесе мемлеттік қолдаудың басқа да түрлері тағайындалып кейін есепшотына аударылады», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі басқарма басшысы Айдар Қасенов.
Жаңа жүйенің артықшылығы түрлі инстанцияларға жүгінбей-ақ, проактивті форматта мемлекеттік қолдау көрсетуді қарастыратын Отбасының цифрлық картасы (ОЦК) енгізілді. Мысалы, әлеуетті қызмет алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі қажет. Өтінішті толтыру және жәрдемақыларды немесе төлемдерді тағайындау автоматты түрде жүзеге асырылады, осыдан кейін қаражат қызмет алушының банктік шотына аударылады.
Цифрлық карта мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйесіндегі деректер негізінде қалыптасады. Бүгінгі таңда онда 6 млн-нан астам отбасы туралы мәлімет жинақталған.
Отбасының цифрлық картасы қандай да бір өтініштерсіз жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 10 түрін рәсімдеуге мүмкіндік береді:
еңбекке қабілеттілігін жоғалту жағдайы бойынша әлеуметтік төлем;
жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем;
асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдер немесе жәрдемақы;
мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-анаға (қамқоршыға) жәрдемақы;
мүгедектігі бойынша жәрдемақы;
көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға жәрдемақы;
атаулы әлеуметтік көмек;
жерлеуге берілетін бір реттік төлем.
ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерiн алу мүмкiндiгi, тағайындалған/ұзартылған «қандас» мәртебесi мерзiмiнің аяқталуы және жұмыссыз тұлғаларды жұмыспен қамту шаралары туралы автоматты хабарламалар жасалады.