Алматылық оқушылар халықаралық додада топ жарды

Алматылық оқушылар халықаралық додада топ жарды

2023 жылғы 7-11 қараша күндері Индонезия мемлекеті Бали қаласында оқушылар арасындағы «INTERNATIONAL SCIENCE AND INVENTION FAIR (ISIF – 2023)» атты халықаралық ғылым және өнертабыстар көрмесі өтуде. 

Көрме мақсаты - ғылымды кеңінен насихаттау, соның ішінде шет елдердің ғылыми тәжірибесін тарату, сондай ақ жастарды инновациялық қызметке тарту, жасөспірімдердің ғылыми зерттеу дағдылары мен жаңашылдық рухын дамыту.

Алматы қаласы Білім басқармасы «Алматы дарыны» орталығының қолдауымен аталған көрмеге №24 лицей оқушысы Халбай Дияр және №178 мамандандырылған лицей оқушылары Нышанбай Ажар мен Жандарбек Тоғжан қатысты. 

Өз кезегінде Ажар мен Тоғжан жарыста топ жарып, алтын медаль иегерлері атанды. 

Алматылық оқушыларымызға сәттілік серік болып, әлемдік аренада алдағы уақытта да  жеңіс тұғырынан көрінулерін тілейміз!