ҚАРЖЫ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛДЫ

ҚАРЖЫ БАЛАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІНЕ БАҒЫТТАЛДЫ

Түркістанда қарқынды түрде дамып келе жатқан салалардың бірі – туризм. Қазіргі таңда әсем қалада мәдени ошақтар көптеп салынуда. Кезінде қазақ хандығының астанасы болған Түркістан өңірдегі ескерткіштер мен ғимараттар, мәдени орындар тарих болып қалатыны аян.

Кезінде Ұлы Жібек жолының орталығына айналған 1500 жылдық тарихы бар Түркістан қаласының туристік нысандары баршылық. Қалада саяхатшыларға арналған демалыс орындары, қонақ үй, тамақтанатын орындар, мейрамхана, көңіл көтеретін ойын-сауық орталықтары, супермаркеттер, базар, аквапарк бәрі қамтылған.

Тарихи-туризм нысандарына толы облыстың құнды әрі бағалы, шежірелі өлкелері де жетерлік. Көпшілігі ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енген. Мысалы: Ахмет Яссауи кесенесі, Сауран қожалықтары, Арыстан баб пен Домалақ ана кесенелері, Ақмешіт үңгірі, Қаратау, Ақсу – Жабағылы қорықтары. Бұл аталған мұраларымыз – барша жұртқа мәлім. Әрқайсысы қазіргі күннің өзінде өз құндылығын мүлде жоймаған. Халқымыз тарихи жәдігерлерімізді дәріптеп, қастерлеп, құрметтейді. Туристер де осы аталған өңірлерге көптеп келеді. Оларға біздің өткеніміз, салт-дәстүріміз, бізден шыққан бұрынғы ата-бабаларымыздың тылсымға толы тарихи әңгімелерді естіп, білу өте қызық. Туристердің басым көпшілігі Қырғызстан, Өзбекстан, ҚХР, Германия, Италия, АҚШ елдерінен келетін көрінеді. 

Түркістанға тек мәдени ошақтарды тамашалау үшін келмейді, сонымен қатар ем алу мақсатында шипажайға да соғатындар көп екен. Олардың ішінде өзіміздің қазақстандықтар да бар. Демек, Түркістан қаласы үшін негізгі табыс көзі – туризм саласы. 

Түркістан облыс орталығы болғаннан кейін, одан әрі дамып, көркейген үстіне көркейіп, жетіліп келеді. Жаңа ғимараттар, мәдени орындар күн санап бой көтере түскен. 

Туристерге әрі жергілікті халыққа барлық жағдайды жасау мақсатында азық-түлік бағасын тұрақтандыру жөнінде шаралар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар қала тұрғындары Түркістаннан ұшаққа міне алады. Бұл – олардың көптен бергі арманы еді. Осындай қажетті нысандар туризм саласын жандандырып, тез дамуына ықпалын тигізеді.

Туризм саласының жоғары деңгейде болуы – ел экономикасының жақсы көрсеткішке ие екенінің айғағы. Салынып жатқан ғимараттар, мәдени орындар, ескі жәдігерлерді сақтап, дәріптеуіміз тегіннен тегін емес. Бұл мұралардың барлығы келешек ұрпаққа, өскелең буынға табысталатыны да түсінікті. Демек, мұны да Ана мен балаға, Отбасына жасалған қамқорлықтың бір бағыты, стратегиялық мүдде деп қабылдағанымыз жөн болар. 

Айтпақшы, жақында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің 22,6 млрд. теңге бюджет қаражатын сақтап қалғанын білдік. Аталған департамент басшысы Мұрат Төлеубаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сыртқы коррупциялық тәуекелді тексеру арқылы білім саласындағы жалақыға деп негізсіз жоспарланған 22,7 млрд. теңге көлеміндегі қаржының анықталғанын айтып берді. 

Үнемделген ақша балалардың қауіпсіздігі ісіне, сонымен қатар 1-4 сынып оқушыларының ас-ауқатына, мектептерді жылыту жүйесіне, білім ошақтарының жөндеу жұмыстарына және партаға, мектепке дейінгі ұйымдар үшін тақта мен жиһаз алуға бағытталатын болды. 

Айнұр КЕҢЕСБАЕВА

студент