ТҮРКІСТАНДА БАЛА САНЫ АРТЫП КЕЛЕДІ
2023 ж. 30 қазан
810
0
Демография елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Себебі, халық саны кез-келген елдің дамуына үлкен үлес қосады. Демографиялық саясатты жүргізу үшін, әдетте жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады.
Мемлекеттің басты байлығы – адам. Мәселен, Түркістан облысындағы бала тууға қабілетті әйелдердің орта жасы 30,2 жас екен. Туудың жиынтық коэффициенті орта есеппен 19-49 жас болып есептелсе, ел өңірлерінің ішінде туу жиынтық коэффициентінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысына тиесілі – 4,52 сәби. Облыс орталығына айналғалы Түркістанда демографиялық өсім 2 есе ұлғайған. 2 миллионнан аса тұрғыны бар өңірде соңғы 5 жылда 237 762 сәби дүниеге келді. Бұл жылына 60 мыңға жуық сәби дүние есігін ашады деген сөз. Ал биыл, яғни жыл басынан бері, 6 айда 26 706 нәресте өмірге келген. Сонымен қатар, Түркістан облысы елімізде үшем туу көрсеткіші бойынша да алдыңғы қатарда. Соңғы 5 айда 59 отбасы егіз балалы болса, 2 отбасында үшем туған. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сәйкес өңірде тәулігіне 150-ге жуық бала дүниеге келеді. Олардың шамамен 60%-ы ұл болса, 40%-ы қыз. Яғни, Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша алдыңғы орында. Өткен жылы Түркістан облысында бала туу көрсеткіші төмен болған еді. Ал биыл көш бастап тұр.
Балнұр Қойшыбай,
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің студенті