ОТБАСЫНДАҒЫ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

ОТБАСЫНДАҒЫ ҚЫЗ ТӘРБИЕСІНІҢ МАҢЫЗЫ ЗОР

     Түркістан облысы Жетісай ауданы Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушыларының қызбалаларына Y-PEER желісінің тренері Артықбаева Күмісай Амангелдіқызы «Ерте жүктілік пен түсік түсірудің алдын алу» семинар-тренингін жүргізді. Сонымен қатар, жасөспірім қыздарға керекті материалдар мен тақырыптық блокноттар таратылды. Жасөспірім қыздар өз ойларын ашық айтып, пікірлесіп, өздеріне аса қажет, құнды кеңестер алды.

        Қазақ отбасындағы қыз бала тәрбиесінде ұл бала тәрбиесіне қарағанда көптеген айырмашылықтары бар екені белгілі. Басты ерекшеліігі, бүгін отбасында еркелеп өсіп отырған қыздар, ертеңгі күні бойжетіп, өзге шаңырақтың түтінін түтетіп, өзі де ана атанып, ұрпақ тәрбиелейді. Халқымыз барлық өмірдің бастауы болып саналатын ананың рөлін өте жоғары бағалаған. Қыз баланы құрметтеу, оның алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болу ертеден келе жатқан үрдіс. Қазақ қауымында қыз баланы айрықша бағалап, барған жерде бағының ашылуына үйде отырып, ерте бастан қамданатын болған.

    Ұлтымыз қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. «Қызға қырық үйден тиым» деген де осыны аңғартады. Жасыратыны жоқ, бүгінгі күні нәзік жандылар тарапынан заңбұзушылық, теріс әдет-қылықтарға бару кездеседі. Осы жолы өткізілген семинар-тренингіте қыз тәрбиесі және ерте жүктілік пен түсік түсірудің алдын алу мәселесі босқа көтерілген жоқ. Жастықпен, түсінбеушілікпен қателікке ұрынып қалатын қыздарға бұл үлкен өмірлік сабақ, пайдалы кеңес болды.

      Y-PEER желісінің тренері Артықбаева Күмісай Сарыағаш қаласы «Арыстанбаб» жоғары колледжінің, «Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық» колледжінің, Түлкібас ауданы Балықшы аулы И.Рыбалко атындағы жалпы орта мектебінің жоғары сынп оқушыларымен, Түркістан қаласы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студент қыздарымен де өткізді.

qazaquni.kz