ОТАҒАСЫ – ОТБАСЫНЫҢ ҚОРҒАНЫ
2023 ж. 30 қазан
353
0
Түркістан облысы Азаматтық Алянсы ЗТҚ нысанындағы бірлестігінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың қазан айының 10 жұлдызында Жетісай ауданы Д.Қонаев атындағы жалпы орта мектебінің 11 сынып оқушыларының ер балаларына Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қоныстану қорының (ЮНФПА) ұлттық кеңесшісі Сағадат Сабитова «Әкелерге арналған» және «Отбасындағы бейбітшілік, зорлық, зомбылықсыз қауымдастық» тақырыбында семинар-тренингі жүргізді.
Әңгіменің негізгі тақырыбы отбасындағы әкелер рөлі болды. Ал семинарға қатысушылар 11 сыныптың ер баллары ертеңгі әкелер екенін ескерсек бұл кездесудің өта маңызды екенін аңғарамыз. Рас, елімізде түрлі жағдайларға байланысты бейкүнә сәбилердің тірідей жетім жаутаңкөзге айналып жататын кездері де аз емес. Берекесі мен бірлігін жоғалтқан отбасындағы ұрпақ тәрбиесі ешуақытта қоғамды бей-жай қалдырмайды. Әр отбасы жеке мемлекет десек, оның негізін қалаушы – отағасы, әке. Отбасының рухани және материалдық жағынан мықты болуы әкеге байланысты. Өкініштісі жұмысын сылтауратып бала тәрбиесін анасына ысыра салатын әкелер жетерлік.
Әке баласының физикалық және рухани тұрғыдан мықты болып өсуіне жауапты. Адалдық, мейірімділік, жақсылық жасау секілді адами қасиеттерді ақыл айтып қан емес, өзінің іс-әрекетімен көрсетсе бала санасында мәңгілік сақталады, содан өмірлік үлгі алады. Қазіргі кезде әкенің рөлі сәл төмендеп қалғандай. Баланың әкеге еліктеуінен гөрі, шешесіне иек артуы басым болып кетті. Ұл бала рухты, намысты болып ер жетуі үшін әкесінің тәрбиесін көп көру қажет. Сонда бала әкенің бүкіл тұлғалық болмысына, өмірлік ұстанымна қарап, бой түзейді. Ол үшін әкенің отбасындағы беделі жоғары болуы қажет. Семинар-тренингте бұл мәселе жан-жақты түсіндіріліп, жастар өмірге қажет құнды кеңестер алды.
Айта кетуіміз керек, Біріккен Ұлттар Ұйымының Халық қоныстану қорының (ЮНФПА) ұлттық кеңесшісі, тренер Сабитова Сағадат дәп осындай семинар-тренингтерді Сарыағаш қаласы «Арыстанбаб» жоғары колледжінде,
Сайрам ауданы «Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық» колледжінде, Түлкібас ауданы Балықшы аулы И. Рыбалко атындағы жалпы орта мектебінде де өткізді.
qazaquni.kz