АУДАН ӘКІМІ БАЛАЛАР КОМАНДАСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАН ӘКІМІ БАЛАЛАР КОМАНДАСЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

       Қазығұрт ауданы әкімі Азизхан Исмаилов Жаңабазар ауыл округіне арнайы барып, жуырда өткен Қазақстан «Балалар» футбол лигасының ІІ-орын жүлдегерлері «Жылыбұлақ» балалар футбол командасына Алғыс хаттар мен командалық форма және ала доптар табыстады. 

        Футбол десе ішкен асын жерге қоятын жанкүйерлер елімізде жетіп артылады. Спорттың бұл түрі елімізде мықты дамып кетті деп айта алмасақ та қазақстандық футбол клубтары еуропаның азулы командалырымен сайысқа түсіп, біраз тәжірибе жинақтап та үлгерді. Әзірге ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер жоқ болғанымен алдағы уақытта талай жеңістердің куәсі боламыз деген үмітіміз бар. Ұлттық қрама командамыз да Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңінде жақсы ойын көрсете бастады. Елімізде футболдың дамуы осы балалар клубтарынан басталса керек. Шетелдік футболшыларға қомақты қаржы төлеп ойнатқанша, өзіміздің спортшыларды жастайынан баулыған ұтымды екені белгілі. Егер балалар спортын дұрыс жолға қойсақ, ертеңгі атақты Месси сияқты майталман ойыншылар өзіміздің жастар арасынан да шығатын болады. Қазақстан «Балалар» футбол лигасының ІІ-орын жүлдегерлері «Жылыбұлақ» балалар футбол командасы сияқты ұжымдарды қолдау қажет. «Ордабасы» командасы биыл Қазақстанның жоғарғы лигасында жеңіске жетіп, бірінші орынды иемденді. «Ордабасының» болашақ белді ойыншылары осы «Жылыбұлақ» командасы қатарында ойнап та жүрген болар. 

     Аудан әкімі Азизхан Исмаилов сонымен бірге үздік команданың жетекшілері Жамашов Болат, Рахимов Рүстем, Біржан қажы Қалдыбаевтарға осындай талантты балаларды тәрбиелеп, спортқа бейімдеп жүргендері үшін ризашылығын білдірді. Теңбіл доптың жас тарландарына алдағы дүбірлі додаларда да тек қана жеңіс тілейтінін жеткізді.

Qazaquni.kz