ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚҚА ЖОЛ ЖОҚ
2023 ж. 30 қазан
374
0
Қазығұрт ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссиясының отырысы болып өтті. Комиссия жұмысын аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұлов жүргізіп отырды.
Қазіргі біздің қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер тарапынан құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың жолын кесу. Балалықпен, білместікпен қылмысқа барып, жастардың болашағын бұзуға жол бермеу маңызды іс. Оған отбасындағы әрбір ата-ана, мектеп мұғалімдері, өзге де оқу орындары ұстаздары, құқық қорғау орындары, тіпті бүкіл қоғам мүшелері жауапты десек қателеспейміз. Өйткені жастар еліміздің болашағы. Еліміздің болашағы жарқын болу үшін бүгінгі жастары білімді, тәрбиелі, саналы болуы аса қажет. Бұл бағытта елімізде көптеген істер атқарылып жатыр.
Ауданда өткен аталмыш жиынға құқық қорғау органдары қызметкерлері мен мектеп директорлары қатысты. Күн тәртібінде бүгінгі кезде өзекті болып отырған 6 мәселе талқыланды.
Қазығұрт ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі комиссиясы отырысының басты мақсаты – аудандағы жасөспірімдердің ұрлық жасамауын қадағалау, ересектер немесе өзге де жасөспірімдер тарапынан зорлық-зомбылыққа ұшырамауына мұқият болу, адам ұрлығы мен саудасының жолын кесу, мектептегі әлімжеттілікті жою, оқудан себепсіз қалуды тоқтату секілді өзекті мәселелердің шешімін табу болды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша, аудандағы қазіргі қалыптасқан жағдай туралы есептік баяндамалар тыңдалды. Қатысушылар көпшілікті мазалайтын мәселелерді қозғады. Комиссия мүшелері тарапынан сұрақ-жауап жүргізіліп, қатысушылардың бірқатар тың ұсыныстары да айтылды.
Qazaquni.kz