ҚазҰУ-да Неаполь Л’Ориенталь университетімен бірлескен ғылыми орталық ашылады
2023 ж. 06 қазан
961
0
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Білім беруді интернационализациялау: өзгермелі әлемдегі әлеуметтік-гумантарлық аспект: тәжірибе, мәселелер және шешу жолдары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік симпозиум өтті.
Шараға Неаполь Л’Ориенталь университетінің ректоры Роберто Тоттоли бастаған делегация, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт Түймебаев, еліміздегі ғылыми және сараптамалық қоғамдастығының өкілдері, Италия, Франция, Швейцария, Ұлыбритания елдерінен келген ғалымдар, шетелдік елшіліктердің және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Симпозиумның ашылуында қатысушыларды қарсы ала отырып, ректор Жансейіт Түймебаев жаһандану жағдайында мемлекеттердің ұлттық мүдделері мен жоғары білім бойынша халықаралық деңгейде ілгерілету жөніндегі жұмыстар өзекті болып отырғанын атап өтті. Бірінші кезекте университетті интернационалдандыру міндеттеріне мыналар жатады: шетелдік студенттердің санын арттыру, студенттердің, ғылыми және оқытушы-профессорлар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту, стратегиялық әріптестік арқылы академиялық ынтымақтастықты нығайту, білім беру бағдарламалары мен ғылыми зерттеулерді ілгерлету.
Бүгінге дейін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Италияның 12 жоғары оқу орнымен байланыс орнатқан. Келісім аясында білім алушы жастар Рим Ла Сапиенца университеті, Саленто университеті, Пиза университеті, Неаполь Л'Ориенталь университеті, Катания университеті және т.б. жоғары оқу орындарында тағылымдамадан өтуде. Сондай-ақ, ҚазҰУ Неаполь Л'Ориенталь университетімен ынтымақтастық орнатып, Азия мен Африканың лингвистикалық, әдеби, тарихи, діни ерекшеліктері бойынша ғылыми жобалар мен ізденістер іске асырылып жатқаны атап өтілді.
«Біздің мақсатымыз – білім және ғылым саласындағы көпвекторлы ынтымақтастықты бірге дамыту және нығайту. Бүгінгі өтіп жатқан симпозиум барлық салалар бойынша серіктестікті одан әрі ілгерлетуге жаңа серпін береді деп сенемін», - деді Жансейіт Түймебаев.
Сонымен қатар келіссөз барысында қос университет басшысы халықаралық қатынас, филология, философия және саясаттану, тарих сияқты факультеттердің басын қосатын ҚазҰУ базасында Неаполь Л’Ориенталь университетімен бірлескен ғылыми-зерттеу орталығын ашуға уағдаласты.
Өз сөзінде ректор: «ҚазҰУ-дың гуманитарлық факультеттері үшін бұл зерттеу орталығы қос университеттің ғылыми әлеуетін кеңейтуге тамаша мүмкіндік береді», - деп атап өтті.
Әрі қарай Неаполь Л’Ориенталь университетінің ректоры Роберто Тотолли сөз алып, ҚазҰУ ректоры мен симпозиум қатысушыларының қолдауы мен ынтымақтастықты жандандыруға берген мол мүмкіндігі үшін алғыс білдірді.
Р.Тотали гуманитарлық ғылымдармен айналысатын университетке серіктес табу қиынға соғатынын атап өтті. «Біздің тарихымыз XVII ғасырдан бастау алады, бірақ біз болашақ туралы ойлануымыз қажет. Біз Италияда білім беру бағдарламаларын қайта басталуына үміт артамыз және ҚазҰУ-мен қарым-қатынасты дамытуға ниеттіміз. Сондай-ақ, Орталық Азияны өңірлік зерттеуде Қазақстан шешуші рөл атқаратындығын білеміз, әрі ҚазҰУ университетімен қарым-қатынасты дамыту маңызды мәселе. Екіжақты ынтымақтастық одан әрі дамыту үшін, біздің көптеген мүмкіндіктеріміз бар, оған біздің бүгінгі симпозиумға қатысуымыз да септігін тигізеді деп үміттенеміз. Бұл қарым-қатынас пен екіжақты алмасуды өрбіту жолындағы алғашқы қадамдардың бірі деп сенемін» - деді Неаполь Л’Ориенталь университеті ректоры Роберто Тотолли.
Симпозиум жұмысы барысында ғалымдар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Неаполь Л’Ориенталь университеті арасындағы (Италия) халықаралық ынтымақтастық бағыттарын, сыртқы саясат пен дипломатияның өзекті сауалдарын, көп мәдениетті кеңістіктегі лингвистика, филология, әдебиеттану және аударма мәселелерін талқыға салды.
Пленарлық отырыста пікір алмасу өтті және қарар қабылданды.
Симпозиумды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультеті ұйымдастырды.