Айдарбек Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болды
2023 ж. 04 қыркүйек
549
0
Айдарбек Сейпілұлы Сапаров ҚР Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалып, бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Қазақ үні.
Президенттің тиісті Жарлығы Ақорда сайтында жарияланды.
Мемлекет басшысының тағы бір Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ҚР Ауыл шаруашылығы министрі лауазымынан босатылды.