Мәдениет және спорт министрі шетелдік БАҚ өкілдеріне Қазақстандағы туризм туралы айтып берді

Мәдениет және спорт министрі шетелдік БАҚ өкілдеріне Қазақстандағы туризм туралы айтып берді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Қазақстанға келген танымал шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында тараптар Қазақстан туралы өз елдерінде ақпарат жариялайтын журналистер қауымымен отандық туризмді дамыту перспективалары туралы сөйлесті.

Жалпы елімізге елден журналистер келді. Бұл Бельгия, Германия, Катар, Сауд Арабиясы, Мексика, БАӘ, Түркия, Оңтүстік Корея, Словакия және АҚШ. 

Қонақтар қазақстандық туризмге үлкен қызығушылық танытты, көптеген қызықты сұрақтар қойып, тіпті ұсыныстар да айтты.

Журналистерді еліміздің туризміне қай елдер көбірек инвестиция салатыны, сондай-ақ негізгі дестинацияларда инфрақұрылымды дамыту жоспарлары, логистика және тіпті спорт мәселелері қызықтырды. 

Министр оларға Қазақстанның 10 басты туристік бағыты, маңызды көрікті жерлер және оларды алдағы уақытта дамыту туралы айтты. Сондай-ақ, қонақтардың назарына «Kazakh Tourism ҰК» АҚ-ның еліміз туралы және басты туристік орындар туралы мәнді ақпараты бар видеоролик пен презентация ұсынылды.

Кездесуден кейін шетелдік қонақтар Түркістанға, содан кейін еліміздің басқа өңірлеріне барып, туған отанымыз туралы білгендерін өз отандастарына таныстырады. Қазірдің өзінде олар әлеуметтік желілердегі жазбаларында, Қазақстанның рухани астанасы мен халқымыздың қонақжайлығы, мейірімділігі оларға жағымды әсер қалдырғаны туралы жазыпты. 

Кездесудің соңында министр журналистерді келесі жылы Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына шақырды.