Қарқаралы ауданындағы орман қоқысы өрті оқшауланды

Қарқаралы ауданындағы орман қоқысы өрті оқшауланды

2023 жылғы 31 шілдеде сағат 14.32-де Қарқаралы ауданынының Қарқаралы қаласынан 10 км жерде, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 1,1 га аумақта орман қоқысы өртенді.

Өрт 16.15-те оқшауланды.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінің, Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің, ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінің, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің 52859 әскери бөлімі мен «Қазавиаорманкүзетінің» күштері мен құралдарының тобы жұмылдырылды. Өрт орнына су төгетін құрылғысы бар Ми-8 тікұшақ ұшып келді. Өртті сөндіруге жер бедері, қалың түтін кедергі келтіруде.

Қарағанды ​​облысының Төтенше жағдайлар департаменті өрт қаупі кезеңінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды еске салады!

Орман және дала аумақтарында от жағуға және басқа да өрт қауіпті жұмыстарды жүргізуге жол бермеңіз.

Жанып тұрған сіріңке мен темекі тұқылын, соның ішінде тас жол бойына лақтырмаңыз.

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз, олардың отпен ойнауына жол бермеңіз.