Астана тұрғындары қазақ мектебін салуды талап етті

Астана тұрғындары қазақ мектебін салуды талап етті

Астана қаласының Нұра ауданында орналасқан Sat sity тұрғын үй кешенінің тұрғындары наразалық білдіріп, редакциямызға хат жолдады. 

Хатта жазылғандай, тұрғындар «Sat City» және «Мечта» тұрғын үй кешендерінің арасындағы Е-32 көшесінің бойында орналасқан жер теліміне салынғалы жатқан «Оқушылар сарайы» және дәл жанына салынып жатқан «NGS жеке меншікті мектепке» қарсы екен.                                

Олар бұл нысандардың орнына қазақ тілді мектептің салынуын талап етуде. 

Тұрғындардың сөзінше, бұл ауданда онсызда жекелеген мектеп Ілияс Омар көшесінде бар екен: Смарт, Неотех, ағылшын т.б. және салынуда.

- Алайда аталған ақылы мектептерде біздің тұрғындардың балаларын оқытуға қаржысы жетпейді (басым бөлігі үйлерін несиеге алғандар, 2-5 оқушы балалары бар). Бізге тұрғындарға қажеті тек мемлекеттік мектеп, мемлекеттік бала бақша.

...Тұрғындардың негізгі бөлігі балалары кішкентай жас отбасылардан болғандықтан, бүгінгі таңдағы біздің үлкен мәселеміз де осы, мектептер мен балабақшалардың жетіспеушілігі. Жақын маңдағы мектептер мен балабақшалар біздің тұрғын үй кешендерінен көптеген балаларды қабылдауға мүмкіндіктері жоқ. Сол себепті, балаларды шалғайдағы аудандарға апаруға тура келеді, - делінген хатта. 

Қазақ үні